Алматы облысында Қала құрылысы кеңесінің алғашқы отырысы өтіп, бірқатар маңызды жоба қаралды

Алматы облысында Қала құрылысы кеңесінің алғашқы отырысы өтіп, бірқатар маңызды жоба қаралды. Жиында елді мекендердің бас жоспарлары, Абай ауылындағы «Arman Qala» және Қырғауылдыда  жүзеге асырылатын «Өркен парк» демалыс орындарын салу мәселесі сөз болды.  Ал, Бесағаш ауылында бес қабатты тұрғын үй кешені мен Қонаевтағы «Ивушка» шағын ауданында  көппәтерлі тұрғын үй бой көтермек. Сонымен қатар облыс орталығында «Достық үйі» мен визит-орталық салу жобасы ұсынылды.Талқылау барысында тұрғындар мүддесі, қауіпсіздік талаптары және инженерлік инфрақұрылым мүмкіндігі зерделенді.

БОЛАТ МҰСЫЛМАНБЕКОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ                          
«Тұрғын үй салынған кезде оған адамдар көшіп келеді. Оларда жол болмаса, мектеп болмаса, басқа және дүкендер, автобус маршруттары болмаса, халық қиналып қалады. Сондай қиыншылық халық үшін болмас үшін, орталық көшелерде, сосын мектепке жақындау, инженерлік желіге жақындау жерлерге құрылыс салуға нұсқау берілді. Сол мақсатта кейбір жоспарлар өтпей қалды, ал өткен жоспарлар талапқа сай болды»

Сондай-ақ оқыңыз: