«Үміт» Балқашта: жолбарыстың табиғи ортаға бейімделуі қалай жүріп жатыр?

“Үміт” есімді аналық жолбарыстың Балқаш жағасына жіберілгеніне үш аптаға жуықтады. Естеріңізге салсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасымен 31 шілдеде Ресейден әкелінген Амур жолбарысы «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағына жеткізілген. Бұл өңірде бір кездері Орталық Азиядағы ең ірі жыртқыштардың бірі – Тұран жолбарысы тіршілік еткен. Енді мамандар осы тарихи мекенде жолбарыс популяциясын қайта қалыптастыруды көздеп отыр. Ресейден тағы бір аталық  жолбарыс пен оның екі шөнжігі жеткізілген. Жолбарыс  ветеринариялық тексеру мен мінез-құлық сынақтарынан толық өткен соң табиғи ортаға жіберіледі. Ал екі шөнжік бір жарым жасқа толғанға дейін арнайы жағдайда қолда бағылмақ. Қазір мамандар сайын далада еркін жүрген “Үміттің” әр қадамын бақылауда ұстап отыр.

ЖАНСЕРІК ЕЛУБАЙ   
«ІЛЕ-БАЛҚАШ» МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ  ОРЫНБАСАРЫ
«Жолбарысты жібермес бұрын мойнына спутниктік қарғыбау таққан болатынбыз. Қазіргі таңда мамандар сол құрылғы арқылы жолбарыстың күнделікті жүріс тұрыс қозғалысын, табиғи ортаға бейімделуін қадағалап отыр. Қазір жағдайы қалыпты».

Сондай-ақ оқыңыз: