Президент Жолдауында Alatau City-ге арнайы мәртебе беру тапсырылды

Президент Жолдауында Alatau City-ге арнайы мәртебе беру тапсырылды
Фото: "Аманат" партиясы Алматы облыстық филиалы баспасөз қызметі

Алматы облыстық мәслихат төрағасы, «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев

 

Құрметті ағайын!

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын бастамаларды жариялады. Бұл құжат – уақыттың сұранысына сай туған тарихи бағдар. Әрбір сөзінде елдіңболашағына деген жауапкершілік, әрбір тұжырымында халықтың қамын ойлаған парасат жатыр.

Президентіміз ең алдымен экономиканың тұрақтылығы мен халықтың әл-ауқатыжайлы айтты. Шағын және орта бизнестің ел өміріндегі рөлі артып келе жатқанықуантады, бірақ өндіріс саласына бет бұру қажеттігі де баса айтылды. Бұл – халқымыздың еңбек мәдениетін жаңа деңгейге көтеріп, экономикамыздың шынайытірегін қалыптастыруға бағытталған қадам. «Әр теңге халық игілігіне жұмсалсын» деген сөз – біздің мемлекетіміздің түпкі идеологиясына айналуы керек. Бұл тек қаржы саясаты ғана емес, әділдіктің, адалдықтың өлшемі.

Жолдаудың ең өзекті тұстарының бірі – цифрландыру мен жасанды интеллектіні кеңінен енгізу. «Digital Qazaqstan» тұжырымдамасын әзірлеу туралы бастама – Қазақстанды нағыз цифрлық мемлекетке айналдыру жолындағы шешуші бетбұрыс. Әлемде білім мен ғылымды игерген, технологияны меңгерген ел ғана бәсекеге қабілетті болады. Біз де осы бағытта аянбай еңбек етуге тиіспіз. Жаңа дәуірдің бастыкапиталы – адам санасы, білім мен қабілет екенін Президент тағы бір мәрте айқынкөрсетті.

Осы ретте ерекше тоқталатын мәселе – Алматы облысының аумағында бой көтерген Alatau City жобасы. Мемлекет басшысы бұл қаланы еліміздің алғашқы толыққандыцифрлық орталығы ретінде дамыту қажеттігін атап өтті. Президент тапсырмасыменон күн ішінде қалаға арнайы мәртебе беріп, Үкіметке тікелей бағынатын құқықтық негіз әзірленбек. Алты айдың ішінде басқару жүйесі мен қаржылық моделінқамтитын жеке заң қабылданатын болады. Бұл – артықшылық емес, қайта барлықбастаманың қағаз жүзінде қалмауы үшін жасалған институционалды негіз.

Alatau City – біздің өңірдің жаңа тынысы, инновация мен бизнес өркендейтін аймақ болмақ. Қытайға жасалған ресми сапар барысында осы жобаны жүзеге асыруғаәлемдік деңгейдегі компаниялар тартылды. Оның ішінде әйгілі Шэньчжэнь қаласының дамуында тәжірибесі бар инвесторлар бар. Президент атап өткендей, Alatau City – смарт-технологиялар мен криптовалютамен төлем жасауға дейінгібарлық мүмкіндікті қамтитын заманауи орталыққа айналады. Бұл қала – Қазақстанның болашақ бейнесін айшықтайтын, технологиялық прогресс пен жайлы өмірді үйлестіретін символ болмақ.

Әлеуметтік салаға қатысты айтылған ойлар да әрбір қазақстандықтың жүрегіне жетті. Артық жеңілдіктер мен жасанды көмек емес, шын мәнінде мұқтаж жандарға бағытталған әділ әлеуметтік саясат – қоғамдағы сенімнің кепілі. Зейнетақы жүйесінжаңғырту, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру – болашағымызды баянды ететін нақты шаралар. Осы ретте Мемлекет басшысы «AMANAT» партиясыныңбастамасы болып табылатын «Қарызсыз қоғам» жобасын» ерекше атап өтті. Өткенжылы бұл бағдарлама аясында 845 мыңнан астам азамат қарыз жүктемесін азайтуға, заңгерлік кеңес алуға мүмкіндік алды. Бұл жоба жалғасын тауып, халыққа шынмәнінде көмек көрсететін тиімді құралға айналып отыр.

Экология мәселесі де Жолдаудың салмақты бөлігі болды. Каспий теңізінің тартылуы– тек бір елдің ғана емес, бүкіл аймақтың тағдырына әсер ететін аса маңызды мәселе. Президент осы бағытта мемлекетаралық бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді сезіну. Сол сияқты Аралды сақтапқалу тәжірибесі бізге үлгі болмақ. Табиғатты қорғау – тек Үкіметтің ғана емес, баршамыздың ортақ міндетіміз. «Таза Қазақстан» жобасы аясында миллиондағанағаш отырғызылып, жүздеген мың гектар жер тазартылды. Бұл – халықтың ел тағдырына бейжай қарамайтынының дәлелі.

Жолдауда білім мен ғылымның рөліне ерекше мән берілді. Мектеп қабырғасынанбастап жасанды интеллектіні үйрету, ғылым мен инновацияны үйлестіру – келешекке салынған инвестиция. Жастардың бойындағы патриотизм енді тек дәстүрліқұндылықтармен емес, жасампаздықпен, жаңашылдықпен өлшенеді. Елін сүю – халыққа пайдасы тиетін іс бастау, жаңа жетістіктерге ұмтылу екенін жас ұрпақ жақсытүсінеді. Бұл – қоғам санасында болып жатқан оң өзгерістің айқын көрінісі.

Саяси реформаға қатысты бастама да тарихи мәнге ие. Президент бір палаталы. Парламент құру идеясын халық талқысына салуды ұсынды. Бұл – асығыстықпен емес, қоғамның кеңінен қатысуымен шешілуі тиіс мәселе. Халықтың тағдырынақатысты қандай да бір шешім тек халықтың келісімімен қабылдануы керек дегенқағиданы Президент тағы бір мәрте айқындап берді. Бұл – демократиялық даму жолындағы сенімді қадам.

Жолдау – халқымыздың болашағына бағытталған терең ойлы, салмақты құжат. Ондаэкономика да, әлеуметтік әділеттілік те, ғылым-білім де, экология мен мәдениет те – бәрі бар. Бұл – тұтас елдің даму стратегиясы.

Бірлігіміз бекем болса, еңселі ел боламыз. Жолдау бізге соны тағы бір мәрте дәлелдепберді.

Қазақстанымыз мәңгі жасай берсін!