108 адам мен 54 техника жұмылдырылды: Алматы облысында қоқыс полигонындағы өрт сөндіруде

Фото: gov.kz

«Алматы – Өскемен» автожолының 35-шақырымында, Алатау ауылы маңындағы «ADC TAZA ALEM» ЖШС-іне тиесілі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт шықты.

Жалпы аумағы 35 гектар болатын полигонның шамамен 10 гектар жерінде қоқыс жанған.
Қазіргі таңда тәулік бойы өртті сөндіру және рекультивация жұмыстары жүргізілуде. Қосымша шара ретінде «Терең Қара» каналынан 2000 метрлік өрт сөндіру рукавы арқылы мотопомпамен су беріліп отыр.
Өртті сөндіруге 108 адам және 54 техника жұмылдырылған. Олардың ішінде: Алматы облысының ТЖД – 65 қызметкер, 15 техника (6 автоцистерна, 1 лафетпен жабдықталған автоцистерна, 1 насосты рукавты автомобиль, 3 самосвал, 2 су тасушы көлік, 1 КШМ, 1 вахтовка); Алматы қаласының ТЖД – 17 қызметкер, 5 техника (4 автоцистерна, 1 АСОР); 28237 әскери бөлімі (Ұзынағаш) – 7 қызметкер, 7 техника (1 бульдозер, 4 самосвал, 1 трал, 1 тиегіш); Жергілікті атқарушы органдар – 10 қызметкер, 19 техника (15 самосвал, 1 экскаватор, 1 тиегіш, 2 су тасушы көлік); Қазселденқорғау мекемесі – 9 қызметкер, 9 техника (6 самосвал, 2 тиегіш).
Мамандардың айтуынша, жағдай толық бақылауда. Жұмыстар оқиға орнында жалғасуда.