Күдікті әскери қызметшілер ұсталды
Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты бірнеше лауазымды тұлға ұсталды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, олар қызметке салғырт қарады және кеме жүргізу талаптарын бұзды деген күдікке ілінген. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Істің барысы Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураның бақылауында. Соңғы мәлімет бойынша, суға кеткен 17 әскери қызметшінің 14-ті қаза тапты. Үш адам құтқарылып, біреуі ауруханада емделіп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.