80 гектарға жиде егіледі
Күрті орман шаруашылығының қызметкерлері биыл жарты тоннаға жуық жиде тұқымын жинауды жоспарлап отыр. Бұл жұмысқа оқушылар мен ауыл тұрғындары да белсенді атсалыспақ. Жиналған тұқым келесі айда арнайы тұқымбаққа себіліп, одан көшеттер өсіріледі. Жоспар бойынша екі жылдан кейін жетілген жас көшеттер көгалдандыруды қажет ететін аумақтарға отырғызылады. Осылайша, жасыл желекті көбейту көзделіп отыр. Мамандардың жоспарына сәйкес, 2035 жылға дейін өңірде 80 гектар алқапқа жиде егіледі.
ҒАБИТ АҚШАБАҚОВ
«КҮРТІ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ» КММ ДИРЕКТОРЫ
«Бұл жиде ағашы өзі судың жағасында, негізгі орналасқан жері судың ылғалдылығын жақсы көретін ағаш. Іле бойына көп орналасқан. Қазіргі таңда бұл көктем мезгілінде мамыр айларының басында гүлдейді. Қазіргі осы қыркүйек, қазан, қараша айына дейін осы тұқымдар пісіп, қазіргі таңда осы піскен тұқымдарды жинап, кептіріп, содан кейін өзіміздің тұқымбақта мекеменің сонда отырғызып, келесі жылға отырғызуға дайындаймыз.»