180 тонна өнім
26-27 қыркүйек күндері Астанада Алматы мен Абай облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Осыған орай бүгін өңірімізден 180 тонна өнім тиелген автокеруен жолға шықты. Жәрмеңкеде өңірдің тауар өндірушілері мен шаруалары өз өнімдерін нарықтан 10-15 пайызға төмен бағамен ұсынады. Сауда сөрелерінде ет және сүт өнімдері, балық, көкөніс, күріш, алма және басқа да азық-түлік болады. Жәрмеңке өткізуге 136 сауда орны дайындалған. Ал автокеруеннің жолдағы қауіпсіздігін патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем мамандары қамтамасыз етеді.
ДИМАШ СЫДЫҚОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
"Біздің Алматы облысының өнімдеріне сұраныс жақсы. Әсіресе біздің көкөністерімізге, алмамызға, еттерімізге, күрішімізге. Бағалар нарықтан 10-15 пайзға арзан болады. Бұдан бөлек бізде Алматы қаласында бес ауданында шаруа қожалықтарымыз өнімдерін өткізіп, саудалап отыр."