Кәсіпкерлер құқығы қорғалды
Қонаевта Мемлекеттік органдардың бірыңғай есепті күні өтті. Облыстық Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, жыл басынан бері кәсіпкерлерден 53 өтініш түскен. Олардың 43-і бизнес өкілдерінің пайдасына шешілген. Жер қатынастары мен құрылыс саласына қатысты мәселелер жиі көтеріледі. Қабылданған пәрменді шаралардың арқасында кәсіпкерлердің 1 миллиард 13 миллион теңгеден астам қаражаты сақталып, шығынның орны толтырылды. Ал құрылыс саласында 400-ден астам нысан мен субъектіге жалпы сомасы 144 миллион теңге айыппұл салынған. Сондай-ақ кездесуде кәсіпкерлерге салық заңнамасындағы жаңа өзгерістер жан-жақты түсіндірілді.
ЕРКІН МАЙЛЫБАЙҰЛЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Енді өзекті мәселе салық саласы ең бірінші, жер саласынан көп мәселелер туындайды. Одан басқа жаңағы құрылыс саласынан кәсіпкерлер көп шағымданады. Әрбір саладан сондай сұрақтар туындап жатады бүгінгі күнге. Бірақ енді мемлекеттік органдар, оның арасында жаңағы құқық қорғау органдары бар, прокуратура тарапынан біз көмек беріп, солардың арқасында шешім тауып жатырмыз.»