Балқаштағы баспана мәселесі
Балқаш ауданында 207 отбасы баспаналы болады. Қазір аудан орталығы мен бірнеше ауылда құрылыс жүріп жатыр. Аудандық құрылыс бөлімінің мәліметінше, үйлерді биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр. Үй құрылысы аудан орталығы мен оған іргелес ауылдарды түгел қамтып отыр. Бақанаста көппәтерлі үйлер бой көтерсе, ауылдық жерлерде жеке тұрғын үйлер салынады. Баспаналардың аумағы 40-тан 80 шаршы метрге дейін.
БОЛАТ ӘБДИЕВ
БАЛҚАШ АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Аудан бойынша қазір орнатылып жатқан үйлердің Миалы ауылында қазір 19 үйдің құрылысы басталып, қазір аяқталуда. Бақбақты ауылында 10 үйдің құрылысы аяқталуда. Сонымен қатар Миағада ауылында 20 үйдің құрылысы басталып, осы биылғы жылы аяқталады. Мына 2025 жылы ауданда 90 үй құрылыс салынып, 90 үйді сатып алып, әлеуметтік осал топтарға таратылып берілді.»
Жаңа үйлер «Отбасы банк» арқылы кезекпен беріледі. Ол үшін әкімдік алдымен нысандарды конкурс арқылы сатып алуы тиіс. Қазірдің өзінде 9 үй сатып алынды. Қалған аумақтарда құрылыс қызу жүріп жатыр.
НҰРБОЛ БЕКБАСОВ
ЖЕКЕ КӘСІПКЕР
«Құрылыс қарқынды, бірақ қиындықтар да жоқ емес. Ең басты мәселе кәріз жүйесі. Орталықтандырылған жүйе болмағандықтан, нысандарды қосу үшін өз есебімізден 2,5 шақырым жерді қазып жатырмыз.»
Әлеуметті осал топтағы жандарды баспанамен қамту жұмыстары жүйелі жүріп жатыр. Бағдарлама игілігін көріп, пәтерлі болағандар қатарында көпбалалы ана Земфира Беспаева да бар.
ЗЕМФИРА БЕСПАЕВА
КӨПБАЛАЛЫ АНА
«Біз мамырдың 9-ы алдық. Балаларымыз сабақ бітірген бетте, 26 мамырда біз осы жерге көшіп келдік. Сапасы жақсы, 80-84 шаршы метр. Авуласы кең, көршілеріміз бар. Жер үйде тұрамыз, үш бөлмелі. Тәңірге шүкір, болады.»
Құрылыс бөлімінің дерегіне сүйенсек, барлық тұрғын үй жыл соңына дейін толықтай сатып алынуы тиіс. Бүгінде Балқаш ауданыда 1158 адам үй кезегінде тұр.