204 күрделі ота жасалды
Алматы облысында жыл басынан бері МӘМС жүйесі арқылы 1 млрд. 235 млн теңгеге 204 жоғары технологиялық операция жасалды. Олардың қатарында жүрекке жасалатын АОРТОкоронарлық шунттау, жүрек қақпақшаларын ауыстыру секілді күрделі оталар бар. Мұндай медициналық көмектің құны бірнеше миллион теңгеге дейін жетеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі азаматтарға қымбат әрі жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолжетімді етуге мүмкіндік беріп отыр. Жүйе аясында әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін жарнаны мемлекет төлейді. Ал шалғай елді мекен тұрғындарына жылжымалы медициналық кешендер арқылы қызмет көрсетіледі. Айта кетейік, азаматтар МӘМС жүйесіндегі өз мәртебесін ресми сайттар мен мобильді қосымшалар арқылы кез келген уақытта тексере алады.
НҰРЛАН ҚЫДЫРБАЕВ
ӘМСҚ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Тек қана Алматы мен Астанада үлкен қалалардың өзінде ғана емес, осы біздің Қонаев қаласының өзінде де күрделі, жоғары технологиялық медициналық көмектер көрсетіліп отыр. Бұл да қордың есебінен жасалуда. Өйткені осы қорды ұйымдастырмағанда ауданда ғана қандайда бір жеңілдеу медициналық көмек көрсетілетін болса, бүгінгі таңда біздің өзіміздің аудан орталықтарының өзінде күрделі жүрекке операция жасау, буын ауыстыру операциялары, осы мәселелер қолға алынып, жұмыс жасалып отыр.»