Кегенге жаңа әкім келді
Алматы облысы әкімінің өкімімен Таңат Есенкелдіұлы Айдарбеков Кеген ауданының әкімі болып тағайындалды. Таңат Айдарбеков 1971 жылы туған. Әр жылдары Алматы қаласының Әуезов, Түрксіб және Бостандық аудандарында басшылық қызметте болды. Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментін басқарды. 2023 жылдан осы уақытқа дейін Талғар ауданының әкімі қызметін атқарды.