Қауіпсіздік шарасы
Жыл басынан бері Райымбек ауданында мыңнан астам жылқыға жарыққа шағылысатын арнайы лента тағылды. Ол қараңғыда малды анық көруге мүмкіндік береді. Бұл шара мал есебін жүргізуге және ветеринариялық бақылауды күшейту үшін жасалып отыр. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға септігін тигізеді. Шараның негізгі мақсаты – әр малды жеке есепке алып, оның иесін, түрін, жасын және қозғалысын анықтау. Сонымен қатар бұл жүйе жануарлардың ветеринариялық жағдайын бақылайды. Бүгінде 10 550-ге жуық жылқыға чип салынып, мыңнан астам басқа жарыққа шағылысатын лента тағылды.
НҰРЛАН НҰРБОЛАТҰЛЫ
МАЛ ДӘРІГЕРІ
“Райымбек ауданы бойынша жануарлар ауылшаруашылығы базасы қорына ірі қара 74461, ұсақ мүйізді мал 366951, және жылқы малы 45.000 бас тіркелген. ҚР Ветеринария туралы заңының 367 бұйрығына сәйкес ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары жүргізілуде.”
Малдың елді мекендер мен жол бойында, әсіресе кешкі және түнгі уақытта қараусыз жүруі жол қауіпсіздігіне әсер етеді. Осыған байланысты жылқылардың мойнына қараңғыда көлік шамына шағылысатын арнайы жіптер тағылуда. Соның арқасында жүргізушілерге малды алыстан байқайды.
АМАНГЕЛДІ ШЕНЕБЕКОВ
НАРЫНҚОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
“Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады. Осыған байланысты ауыл тұрғындарын жіне шаруа қожалық иелерін осы шараға белсенді түрде атсалысуларын сұраймын және шақырамын.”
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Мамандар тұрғындарға малына ие болып, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.