Қонаевта «Таза қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбіліктер жалғасуда

Қонаевта «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы сенбіліктер жалғасуда. Бұл жолы қаланың Вивальди көшесін абаттандыруға 600-ге жуық адам қатысты. Игі іске қала тұрғындары мен белсенді жастар  атсалысты. Бір күнде 10 тонна тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы полигонға жөнелтілді. “Ортақ іске жұмылу қаланың тазалығын сақтап, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырады” дейді жауаптылар.

МҰРАТ СЫДЫҚОВ
ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
«Сенбілікке барлығы атсалысып жатыр. Жұмысқа 10-нан астам арнайы техника жұмылдырылды. Жиналған барлық қоқыс полиэтилен қаптарға салынып, арнайы полигонға шығарылады. Егер әр адам бір-бір пластик бөтелкеден жинаса да, қаламыздың тазалығына үлкен үлес қосқан болар еді. Қазір Қонаевтың бұрынғыдан да таза болғанын байқауға болады» 

Сондай-ақ оқыңыз: