Ауқымды инвестиция, тың технология және іргелі жобалар

Ауқымды инвестиция, тың технология және іргелі жобалар. Бүгін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Федеративтік Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды. Президент сапар барысында сол елдегі экономикалық қауымдастық және қаржы институттары жетекшілерімен де кездесті. Әрі олармен ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Мұнда ол екі ел капиталын біріктіру мақсатында Қазақ-Герман инвестициялық-қаржылық алаңын құруды ұсынды. Негізгі басымдықтарда энергетика мен шикізат көздері көзделген. Сонымен қатар жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласы да бар. Оған қоса «Алатау Сити» қаласына халықаралық бизнестің жаңа орталығы ретінде дамытуға ерекше назар аударылатынын да айтты. 

Сондай-ақ оқыңыз: