Экологиялық мәселелер пысықталды

Алматы облысында ірі кәсіпорындардың экологиялық кері әсерін азайту жұмыстары жалғасуда. Қазір өңірде 3326 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 51-і қоршаған ортаға айтарлықтай кері әсер ететін нысандар қатарына жатады. Қазір кәсіпорындарда шығарындыларды бақылау жүйелері енгізілді. Әрі өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу және тазарту құрлымын жаңғырту шаралары қолға алынған. Ал Қонаев қаласында 95 пайызға тозығы жеткен кәріз жүйесінің орнына жаңасын ауыстыру жоспарланып отыр.

РАУШАН МҰҚАЖАНОВА
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РЕТТЕУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
- Қазіргі уақытта Қонаев қаласында кәріз суларын тазарту жүйесін салу жобасы әзірленіп жатыр. Жобаға қатысты ескертулерді жою жұмыстары жүргізілуде. Қоғамдық тыңдаулар өтті. Ескертулер толық ескерілгеннен кейін құжат Экология департаментіне қайта ұсынылады.

Сондай-ақ оқыңыз: