Қонаевта газ саласының майталмандары марапатталды
Салтанатты шарада Алматы облысын газдандыруға үлес қосып жүрген 110 қызметкерге алғыс хат табысталды. Бүгінде облыс тұрғындарының 82 пайызына жуығы табиғи газға қол жеткізген. Бұл – шамамен 1 миллион 300 мың адамды құрайды. Өңірдегі газ желілерінің ұзындығы 5 мың 200 шақырымнан асады. Ал биыл Іле ауданындағы Әли ауылы мен Алатау қаласының Дәулет шағынауданына газ құбыры жетті. Мұнда 66 шақырым желі тартылып, 5 мыңға жуық тұрғын табиғи газға қосылды.
АЗАМАТ ЖҰМАДІЛОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
- Осы бағыттағы жалпы Алматы облысында газдандыру жұмысын әлі ілгерілейміз. Жалпы біздегі жоспар Алматы облысын 2030 жылға дейін толыққанды газдандыру болып саналады және осы біздің ең бір түпкі мақсатымыз болып келеді.