Серіктестік нығаяды
Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тангалмен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, туризм және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысы мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 24 пайызға өсіп, 30,7 миллион АҚШ долларына жетті. Бүгінде өңірде үнді капиталының қатысуымен бірқатар кәсіпорын жұмыс істейді. Кездесуде ауыл шаруашылығы, фармацевтика, логистика, туризм және жоғары технологиялар салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қаралды.