Әкімшілік шара

Қарасай ауданында түн ішінде жол ережесін өрескел бұзған жастардың әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Олар көлікпен жол жиегіне шығып, жоғары жылдамдықпен жарысқан. Тіпті өзара бәс тігіп, бұл әрекетті видеоға түсіріп, желіге жариялаған. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Құқық қорғау органдары көп ұзамай жағдайға қатысы бар жүргізушілерді анықтады. Жолдағы қауіпті әрекет заң аясында қаралып, сот шешімімен заң бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

ЕРНАР САЙДІЛДИН 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ 
«Үш құқық бұзушы ҚР әкімшілік құқық бұзушылар туралы кодексінің бірнеше бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен олардың әрқайсына он тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Полиция ескертеді, мұндай әрекеттерге жол берілмейді. Заң мен тәртіп қағидаты толық көлемде қамтамасыз етіледі.»

Сондай-ақ оқыңыз: