Заң және тәртіп
Жыл басынан бері Райымбек ауданында 43 қылмыстық оқиға болды. Осыған байланысты аудан прокуратурасы қылмыстық құқық бұзушылықты алдын алу арналған арнайы жиын өткізді. Кездесуде криминогендік ахуал сөз болды. Жиында қылмыспен күресте атқарылып жатқан жұмыс сараланды. Әсіресе жасөспірімдер тәртібі ерекеше бақылауды қажет етеді. Биыл ауыр қылмыс жасау мен есірткіні қолдану және сату бойынша 18 дерек тіркелді. Бұл ойландыратын жәйт.
РАУАН СЕРІКҚАЛИЕВ - РАЙЫМБЕК АУДАНЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
"2026 жылдың 8 айында ауданда 39 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылмен бірдей деңгей. Бірақ ауыр қылмыстар 2-ден 7-ге, есірткі қылмыстары 2-ден 6-ға, ұрлық 3-тен 5-ке дейін өсті. Пробация қызметімен бірлесіп 160-тан астам рейд және 18-ге жуық кеңес өткізілді. Масаң күйде көлік жүргізетіндерге, түнгі уақытта жүрген кәмелетке толмағандарға қатысты рейдтер, патрульдеу және мал ұрлығының алдын алу жұмыстары күшейтіледі."
Сонымен қатар «Салауатты сана» жобасы аясында оқушылармен құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті. Жиында Аналар кеңесі мен полиция қызметкерлері жасөспірімдерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың зардабын түсіндірді.
АЖАР ӨМІРӘЛИЕВА
НАРЫНҚОЛ АУЫЛДЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ
"Осындай шараларды көрсетіп, тәлім-тәрбие үшін шара жүргізіп жатырмыз. Бұның мақсаты болашақ ұрпақтарымызды дұрыс тәрбиелеу, болашаққа деген көзқарастарын дамыту, зорлық-зомбылықты алдын-ала болдырмау, жанындағы достарымен, жора-жолдастарымен дұрыс қарым-қатынаста болу. Жақсы оқып, еліне елеулі, жұртына қалаулы жақсы азамат пен азаматша болуына ықпал ету."
Жиында құқық бұзушылықтың алдын алу тек уәкілетті органдардың ғана емес, ата-ана, мектеп және қоғамның ортақ міндеті екені айтылды. Осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.