Сарбаздар сапқа қосылды

Ұйғыр ауданында күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны жоспарға сай жүргізілуде. Шонжыда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне шақырылған 15 азаматты салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Ұлттық ұланның әскери бөлімдерін жас сарбаздармен толықтыру жұмыстары да жалғасуда. Ал қазан айынан Мемлекеттік күзет қызметі мен Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне шақырылған азаматтарды жөнелту басталады.

БАҚТҰР ӘЛЕКЕНОВ
ҰЙҒЫР АУДАНДЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ 
«Қазіргі таңда Ұйғыр ауданы бойынша Шекара қызметіне 20 адамға жоспар беріліп, оның 15-і әскери қызметке аттанды. Ал Ұлттық ұланға жоспарланған 25 азаматтың 8-і әскер қатарына жіберілді. Жалпы, биыл аудан бойынша әскери қызметке шақыру жоспары 100 пайыз орындалып отыр.»

Сондай-ақ оқыңыз: