Бизнес-форум

Қонаевта Қазақстан мен Дания арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруді мұрат еткен бизнес-форум өтті. Форумға облыс әкімі Шыңғыс Әрінов, мемлекеттік мекеме, ұлттық холдингтердің өкілдері және Данияның жетекші трансұлттық компанияларының басшылары қатысты. Келіссөздер алаңында логистика, фармацевтика, су технологиялары, жаңартылатын энергетика және агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту мәселелері талқыланды. Екі елдің машина жасау және іскерлік ұйымдары арасында маңызды келісімдерге қол қойылды. Жалпы қос мемлекет арасындағы тауар айналымы өткен жылы 19,7 млн АҚШ долларына жеткен.

АРДАҚ ЗЕБЕШЕВ
ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Біз инвестиция тартқан кезде тек бастапқы кезде ғана көмектеспейміз инвесторларға. Әр кезеңде өз сұрақтары болады инвесторлардың сол кезде әрқашан «KAZAKH INVEST» қолдау көрсететін болады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Данияның университеттерін бізге келуге шақырдық. Себебі біздің басты мақсатымыз технология мен қаражат тарту ғана емес, сонымен бірге білімдіде ұлғайту.»

Сондай-ақ оқыңыз: