Тағайындау

Алматы облысы әкімінің өкімімен Арман Еркінұлы Айшуақов  облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Арман Еркінұлы 1991 жылы туған, білімі жоғары. Әр жылдары  Алматының Жетісу және Алмалы аудандарында “Қалалық жоспарлау және аумақтарды үйлестіру” қызметінің басшысы болды. 2025 жылдан бері Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет еткен.

Сондай-ақ оқыңыз: