25 адам күдікке ілінді

Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында  «Хизб ут-Тахрир» ұйымына қатысы бар деген күдікпен 25 тұрғын анықталды.  Қазақстанда бұл діни ұйым экстремистік деп танылған. Тінту кезінде күдіктілерден 11 смартфон, 93 кітап және діни мазмұндағы өзге де материалдар тәркіленді. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу барысында істің мән-жайы анықталып, тәркіленген материалдар зерделенуде.

Сондай-ақ оқыңыз: