Мерзімнен бұрын босатудың жаңа талабы
Жыл басынан бері Алматы облысында сотталғандардың 39 пайызы мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан. Алайда жаза мерзімінің жартысын өтеу автоматты түрде босатуға негіз болмайды. Әр іс сотта жеке қаралып, сотталған адамның тәртібі, қылмысына көзқарасы мен басқа да мән-жайлар ескеріледі.Бұл тәртіпті нақтылау ұсынылып отыр. Конституциялық Сот сотталған адамның түзелу деңгейін бағалаудың нақты өлшемдерін белгілеуді ұсынған. Сондай-ақ мерзімінен бұрын босату мәселесінде жәбірленушілердің пікірі де ескерілмек.
АЙБЕК ӘБУ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ СОТ АЛҚАСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
- Егер адам ауырлығы орташа қылмыс үшін қысқа мерзімге сотталса, сотқа дейін қамауда болған уақыты да ескерілуі керек. Мысалы, ол алты-тоғыз ай қамауда болуы мүмкін. Мұндай қысқа мерзімде адамның түзелгенін толық бағалау қиын. Сондықтан сот қылмыстың түрі мен ауырлығын да ескеруі керек.