Ұстаздар еңбегі

Қонаевта білім беру саласына инновациялық әдістемелерді енгізуге үлес қосқан 440-қа жуық педагог марапатталды. «Smart Teacher» жобасына 12 мектеп пен 13 балабақша қатысты. Ұстаздар білім беру саласында жасанды интеллект мүмкіндіктерін меңгерді. Олар шеберлік сабақтарын өткізіп, цифрлық құралдарды оқу үдерісінде тиімді пайдаланудың жолдарын көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жасанды интеллект мұғалімді алмастыратын құрал емес. Керісінше педагогтің жұмысын жеңілдетіп, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға көмектесетін мүмкіндік. Жобаны келесі оқу жылында да жалғастыру жоспарланып отыр.

НАЗЫМ ИСАЕВА
ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
«Жалпы бізде орындарға емес, барлық 437 педагог Алғыс хатпен марапатталды. Өйткені ол кісілер көрмеге қатысқан және ашық сабақтар өткізген, шеберлік сыныптарын өткізген педагогтер.»

Сондай-ақ оқыңыз: