Жастар көшет отырғызды

Қонаев қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» акциясы аясында жас прокурорлардың қатысуымен экологиялық шара өтті. Қонаевтағы 8 мектептен құралған клубқа бүгінде 128 оқушы қатысады. Кездесу соңында белсенді оқушыларға құрмет грамоталары табысталып, іс-шара Орталық саябақта жалғасты. Оқушылар мен облыс прокуроры алма, өрік және үйеңкі көшеттерін отырғызды. Жасөспірімдерге табиғатты қорғау мен қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңызы түсіндірілді.

ЖӘНІБЕК ЖАҚАЕВ
ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
«Мұндай іс-шара жиі өткізіледі негізі, бірақ бүгін жас прокурорлар сыныптарының қатысуымен осындай көшеттерді отырғызу, ағаш отырғызу рәсімін өткіздік. Ісіміз берекелі, көшеттеріміз көлеңкелі болсын деп тілеймін.»

АҚМАРАЛ БАҚЫТҚЫЗЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«Бүгінгі күнде мынау «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызып, өздерінің түрлі экология бойынша жасанды интеллекті енгізу мақсатында барлық жеті бағыт бойынша өздерінің жаңағы жобаларын қорғады. Бұл жобаларымыз бүгінгі күнде республика аясында да өзінің жүлделі орындарына ие болып бүгін балаларымыз осы жобаны қорғаған. Белгілі болған әр мектептің балалары жүлделі орынға ие болған марапаттарымен марапатталды.»

Сондай-ақ оқыңыз: