Талғардың жаңа әкімі тағайындалды
Алматы облысы әкімінің өкімімен Әскербеков Әнуар Жанболатұлы Талғар ауданының әкімі болып тағайындалды.
Әнуар Әскербеков 1992 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді. 2014 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Экономика» мамандығы бойынша, 2016 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2020 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалында бастаған. Әр жылдары жер кадастры саласында экономист, бас маман, бөлім басшысының орынбасары, бөлім басшысы және басқарма басшысы қызметтерін атқарған.
Сондай-ақ Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасында, Алматы облысы әкімінің аппараты мен Алатау ауданы әкімдігі аппаратында түрлі жауапты лауазымдарда еңбек еткен. «Алматы тазалық» МКК директорының жалпы сұрақтар және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін де атқарған.
2023 жылдың сәуір айынан бастап Талғар ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болды.