Қытаймен әріптестік орнады
«Qonaev Media» телеарнасына Қытайдың ірі мемлекеттік ақпарат агенттігі «China News Service» өкілдері арнайы келді. Делегация құрамында агенттіктің Шыңжаң бөлімшесін бұрын басқарған Ли Дэхуа мен Хунань бөлімшесінің экс-басшысы Бай Цзусе бар. Кездесуде қос тарап ақпарат кеңістігіндегі әріптестікті жаңа деңгейге көтеру жайын талқылап, өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Алда екі тарап жаңалықтар мен бейнематериал алмасып, бірлескен медиажобаларды жүзеге асыруды көздейді. «China News Service» жұмысын 1952 жылдан бастаған. Қазір агенттік жаңалықтары әлемнің жүзден астам еліне жол тартып отыр.
ЛИ ДЭХУА
«CHINA NEWS SERVICE» ӨКІЛІ
«Қонаев атындағы телеарнаға арнайы келіп, әріптестік орнатуға мүмкіндік туғанына қуаныштымын. Қонаев есімі Қытай еліне да жақсы таныс. Біз тәулік бойы ақпарат таратып, күн сайын жүзден астам төл жаңалық әзірлейміз. Басты мақсатымыз - Қазақстанға Қытайды, Қытайға Қазақстанды жақынырақ таныту. Осы жолда Qonaev Media-мен арадағы әріптестіктің мүмкіндігі мол деп білеміз.