Ұстаздарға құрмет

Ақордада Ұстаздар күніне арналған іс-шара өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Президент ұстаз еңбегінің ел болашағындағы маңызын атап, мұғалімдерді қолдау шаралары мен білім сапасын арттыру жұмыстарына тоқталды. Соңғы жеті жылда ел бойынша 1342 мектеп салынып, биыл тағы 101 мектеп бой көтеруде. Педагогикалық мамандықтарға қызығушылық артып, биыл 12 мыңнан астам түлек грант иеленді, 15 мыңнан астам мұғалім жұмысқа қабылданды. Мемлекет басшысы білім беру саласына жасанды интеллектіні енгізу және кітап оқу мәдениетін дамыту қажеттігін атап өтті. Іс-шарада еңбегі еленген бір топ мұғалім жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ 
«Ұстаздыққа енді қадам басқан жас мамандарға аға буын көп көмек көрсетуі тиіс. Сонда олар да өз ісінің нағыз шебері болып қалыптасады. Сондай-ақ, кәсіби сабақтастық дәстүрі пайда болады. Біз оқу-ағарту саласының кадрлық әлеуетін күшейте түсуіміз керек. Білікті мұғалімді мықты мыемлекттік тұғыры деп айтсаөқартық болмайды.»

Сондай-ақ оқыңыз: