Үздік мұғалім анықталды

Қонаевта мұғалімдер күніне орай «Ұстазбен бірге – болашаққа» атты салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға 200-ге жуық адам қатысып, білім саласының үздіктері мен ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді. Облыс әкімі Шыңғыс Әрінов ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтап, ел ертеңін қалыптастырудағы педагог еңбегінің айрықша маңызын атады. Жиында білім саласына елеулі үлес қосқан 16 маман марапатталды. Оған қоса, «Жылдың үздік мұғалімі – 2026» облыстық байқауында топ жарған Бақытәлі Дәулешяр жеңімпаз атанып, су жаңа автокөлікке ие болды. 

БАҚЫТӘЛІ ДӘУЛЕШИЯР
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМІ -2026» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ 
«Жалпы күткен жоқпын бұны. Тек менің алға қойған мақсатым осы байқауда барынша қолымнан келгенше жоғары балға жету және өзімнің сегіз жылдан бері жасаған еңбектерімді мұғалімдерге, қазылар алқаларына көрсетіп, жоғары балл жинау болды. Алланың қалауымен жеңімпаз атанып машина ұтып алдым.»

Сондай-ақ оқыңыз: