Үйдің шатыры өртенді
Қонаев қаласында көпқабатты үйден өрт шығып, 120 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды. Құтқарушылар қызыл жалынды сөндірген. Зардап шеккендер жоқ. Алайда ғимараттың шатыры түгел өртеніп кеткен. Қазір жергілікті билік өрттен кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Зақымданған шатыр толықтай алынып, жаңасына қажетті құрылыс материалдарын сатып алу басталды. Жөндеу жұмыстарын «Қонаев Көркейту» кәсіпорны атқаруда. Қала әкімі тұрғын үйді екі апта ішінде қалпына келтіруді тапсырды. Мамандар өрттің шығу себебін анықтауға кірісіп кетті.
АҚЕРКЕ ЖҰМАҒАЗЫҚЫЗЫ
ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
«Қала әкімі А.Бердіханов оқиға орны барып, құрылыс уаықытын екі аптаға дейін деп белгілеп берді. Және «ҚонаевКөркейту» мекемесі осы екі апта ішінде жөндеу жұмыстарын толық әрі сапалы аяқтауы тиіс.»