Екі баланы көлік қақты
Қарасай ауданы, Абай ауылында жол жиегінде ойнап отырған екі баланы көлік қақты. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда бейнебақылау камерасына жазылған кадрлар арқылы полиция оның кім екенін анықтады. 65 жастағы жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу жүріп жатыр. Балалар түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілген. Бірі хирургия бөліміне, ал жан сақтау бөліміне жатқызылған екінші баланың жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр.