Тазалық шарасы

Қонаевта кезекті сенбілікке 500-ге жуық тұрғын мен белсенді қатысты. Олар қала аумағын қоқыстан тазартып, жиналған қалдықтарды шығарды.Бұл жолы шамамен 400 қап қоқыс жиналды. Қала аумағында рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау және тазарту жұмыстары да жалғасып жатыр. Қазіргі таңда оның екеуі тазартылып, жойылды. Қалған аумақтардағы жұмыстар жалғасын табуда.

МАДИЯР ЗӘКЕРОВ
ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Стихинное свалканың себебі адамдардың енді еріншектігі ма әлде бір жерде мысалы құрылыс материалдарының заттарын төгу керек адам көрмейтін жерге барады да түсіріп кетеді. Ол дұрыс емес. Оның бәрі қатаң жазаланады. Оның алдын алуға қазір іс-шаралар жүргізіп жатырмыз. Полиция департаментімен, өзіміз әкімшілік болып рейдтерге шығып, керекті жерлерге камера қойып, сондай жұмыстар атқарып жатырмыз.»

Сондай-ақ оқыңыз: