Балалар қауіпсіздігі

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігі күшейтілуде. Басты назар – бала өміріне қауіп төндіруі мүмкін жағдайлардың алдын алу. Өңірде өрт қауіпсіздігі, газдан улану, жол-көлік оқиғалары, сондай-ақ теміржол нысандары мен басқа да қауіпті аумақтардағы қауіпсіздік мәселелері тұрақты бақылауда. Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың болдырмау мақсатында түрлі профилактикалық іс-шаралары өткізіліп келеді. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия отырыстарында 195 материал қаралған.

ДӘУЛЕТ ШАЙТҰРСЫН
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Жыл басынан бері бізде 543 өтініш келіп түсті, әр түрлі жағдайда. 111 орталық арқылы келген кісілер, е-өтініштері, жалпы хабарламалар бойынша, жалпы біздің өңірімізде 8000 аса жаңағы тізімге алынған проблемалық мәселелер бар балалар бар. Оның ішінде әр түрлі бағыттағы биылғы жылы осы жеті айдың көлемінде біз сегіз баланы анықтадық.»

Сондай-ақ оқыңыз: