Бүлінген көше қашан жөнделеді?
«Кәріз жүйсін жаңарту жұмыстары тым созылып кетті. Күн ашықта шаң жұтамыз, жаңбыр жауса батпақ кешеміз. Ойлы шұңқырдан көлігіміз жүре алмайды» Өтеген батыр кенті тұрғындары біздің арнаға осылай деп шағымданды. Гагарин көшесіндегі осы көп қабатты үйдің кәріз жүйесін жаңарту жұмысы маусым айында басталып, әлі күнге дейін бітер емес. «Есігіміздің алды ойлы шұңқыр, асфальтіміз бүлінді. Жаңбыр жауса батпақ кешіп, көшеге кіріп шығудан қалдық. Мердігер жұмысты толық аяқтамады» дейді наразы тұрғындар.
ЖЕҢІСГҮЛ ҚАЙЫПТАЕВА
ӨТЕГЕН БАТЫР КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ
«Канализацияның құбырын ауыстырды. Бірақ толықтай жасамады. Шала. Себебі машиналар өтсе түсіп кетіп жатыр. Жұмыс жасайтындары үш рет ауысты. Тамыздың басынан бастады. Бірақ жұмыс толық аяқталмады.»
Ал жұмыс неге мерзімді уақытында бітпей тұр? Асфальт неге жаңармады? Жауаптылардан сұрап көрдік.
МАҚСАТ ЖАНАЙДАРОВ
ІЛЕ АУДАНДЫҚ ТҮКШ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
«Бізде келісімшартқа сәйкес асфальт толық жасалады. Бүгінгі күні құбыр жұмысы жүріп жатыр. Тағы 3-4 күнде құбыр тарту жұмыстары аяқталса содан кейін асфалтьқа кіріседі. Келісім шартқа сәйкес қазан айының 15-не дейін жұмысты аяқтайды. Қазір 85-90 пайыз жұмыс соңына жетті.»
Ал тұрғындар «Кәріз құбыры 50 сантиметр тым таязға көмілді. Қыста қатып қалмай ма?» деп алаңдайды. Оған құбырды әр кіреберіске жалғау үшін мердігер ақша талап етеді екен.
АЛИМА АЛДОҢҒАРОВА
ӨТЕГЕН БАТЫР КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ
«Құбырды өткізді ғой, енді подвалға кіргізу керек қой. Сол үшін 30 мың төлейсіздер деп жатыр. Бастағанда ондай ештеңе айтқан жоқ.»
Жауаптылардың айтуынша бұл шағымдардың еш негізі жоқ. Келісімшартқа сай төселген құбыр жылу сақтағыш материалдармен қапталады. Ал тұрғындардан ақша жинау мәселесі мүлде болмайды дейді.
МАҚСАТ ЖАНАЙДАРОВ
ІЛЕ АУДАНДЫҚ ТҮКШ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
«Келісімшартқа сәйкес барлық трубаларды жер бетіне жақындау болғандықтан жылу сақтағыштармен оралып қапталады. Ал тұрғындардан ешқандай қаржы талап етілмейді. Келісім шартта солай көрсетілген.»
Биыл Өтеген батыр кентіндегі Гагарин мен Терешкова көшелерінде жалпы ұзындығы 1,2 шақырым кәріз құбырын жаңарту жұмысы жүргізіліп жатыр. Жоба құны 63 млн. теңгеге жуық. Жұмыс қараша айына дейін аяқталуы тиіс.