Ақпараттық қауіпсіздік талқыланды

Әлеуметтік желідегі түрлі ақпарат пен ар-намысқа тиетін жазбалар жанжал туғызады. Сын мен кемсітудің аражігін қалай ажыратуға болады? Осы мәселе Қонаевта өткен басқосуда талқыланды. Іс-шарада сарапшылар дәріс оқып, араздыққа итермелейтін пікірлерді ажыратудың маңызын айтты. Ақпараттың анықтығын тексеру және әлеуметтік желідегі пікірталас мәдениетін қалыптастыру жолдарын түсіндірді. Жиынға заңгер мен медиатор да қатысып, маңызды кеңестер берді. 

ӘСЕМ ҚАЙДАРОВА
САЯСИ ҒЫЛЫМДАР ДОКТОРЫ
«Адамдар ақпаратты көбіне эмоциямен қабылдайды. Сондықтан кез келген ақпараттың дереккөзін тексеріп, қаншалықты сенімді екенін бағалау маңызды. Егер сын айтылса, ол объективті әрі негізді болуы керек. Біз пікірталас жүргізе аламыз, бірақ жеке басқа тиісуге жол бермеуіміз қажет.»

Сондай-ақ оқыңыз: