Білікті ұстаздан білімді шәкірт
Қарасай ауданында ұлағатты ұстаздар құрмет пен қошеметке бөленді. Білікті мамандарға «Еңбек ардагері» атағы беріліп, «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды. Аудан басшылығы ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтап, арнайы сыйлықтарды табыстады. Салтанатты жиында еңбек өтілі отыз жылдан асқан мұағілмедр арнайы медаль алса, жас мамандар Алматы облысы мен аудан әкімдігі тарапынан түрлі марапатқа ие болды. Білім саласында аянбай еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеген жандар қуанышты. Қоғамда ұстаздың орны әрқашан биік екенін аудан әкімі тілге тиек етті.
ЖАСҰЛАН ЕСТЕНОВ
ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
«Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясында ұлағатты жандарға деген мемлекетіміздің шынайы қамқорлығын жеткізе отырып, ұстазды бағалаған елдің болашағы айдан анық. Ұлы Абай отыз сегізінші қара сөзінде Адамның адамдығы жақсы ұстаздан болатынын айтқан. Біз ұлт сапасын арттырамыз десек, бірінші кезекте мұғалімдерге барынша қолдау көрсетуіміз керек деп атап өтті.»
Бүгінде Қарасай ауданында 62 мемлекеттік және 21 жеке-меншік мектеп бар. Оларда 8 400-ге жуық ұстаз жұмыс істейді.
АЙЖАНАТ ЕСДӘУЛЕТОВА
А.БАЙЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
«Бір жағынан тосын сый болды деп айтсам болады. Өте қуаныштымын. Мемлекетіміздің өркендеуі жастардың қолында дейміз. Ал жастар ұстаздың қолында. Ұстаздың бақыты дейді – шәкіртінің жеңісі мен жемісі. Сондықтан бүкіл ұстаздар қауымын төл мереке мен кәсіби мерекемізбен құттықтаймын.»
2023 жылдан бері ауданда «Келешек» мектептері салынып жатыр. Жоба аясында 8 мектеп ашылып, балаларға заман талабына сай, әрі ұлттық тәрбиені ұштастыра білім беріп келеді.