Ел өз таңдауын жасады

Өткен демалыс күндері Қаскелең қаласы әкімінің сайлауы өтіп, халық өз таңдауын жасады. Аталған лауазымға үш үміткер тіркелген. Қарасай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының деректеріне сәйкес, жалпы сайлаушылар саны 52 734 адам болса, оның 15, 923-і дауыс беруге қатысты. Ал 319 азамат барлық үміткерге қарсы дауыс берген. Нәтижесінде ең көп қолдауға ие болған Зуайда Абылай Жұмабекұлы Қала әкімі болып таңдалды. Сонымен қатар Жамбыл ауылдық округінде де әкім сайлауы өтіп, дауыс беру нәтижесі бойынша ел сенімінен шыққан Еламан Омербаев округ әкімі болып қайта сайланды.

Сондай-ақ оқыңыз: