Райымбек ауданында ұстаздар марапатталды
Райымбек ауданында Ұстаздар күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік жиында білім саласының үздіктері марапатталып, ұстаздарға құрмет көрсетілді. Райымбек ауданында 30 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде 22 мектеп, 5 балабақша, 2 өнер мектебі және 1 шығармашылық орталық бар. Білім мен тәрбие саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар жас ұрпақтың сапалы білім алуына өз үлестерін аянбай қосып келеді. Салтанатты шара барысында республикалық және облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болған ұстаздар мен шәкірттер марапатталды.
МИЯТЖАН САҚАНҰЛЫ
О.ЖАНДОСОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
- "Ұстаз-ұлы есім" дейді, сондай бір жақсы бір көріністің тамашасын бүгінгі салтанатта нақты, шынайы көрінісін көріп отырмыз. Себебі биылғы жылы өзіміздің Райымбек ауданынан бір маманымыз ең жоғарғы награда "Құрмет Орденімен" марапатталып жатыр. Бұлда ұстаздарға деген үлкен бір қошемет, құрметтің белгісі. "Ұстаз-ұлы есім, ұстаз - күннің сәулесі іспеттес жан-жағына нұрын сеуіп жүретін адам.
Ұстаздық жолын 38 жыл бойы абыроймен атқарып, талай шәкірттің қанатын қатайтқан Майгүл Бекейқызы да марапат төрінен көрінді. Ұзақ жылғы еңбегі еленіп, оған «Құрмет» ордені табысталды.
МАЙГҮЛ БЕКЕЙҚЫЗЫ
Т.ЖАНҰЗАҚОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ
- Бұл орден маған оңайлықпен келген жоқ. Бұл 1 күндік және 10 жылдың еңбегі емес. Бұл 38 жылғы еңбегімнің нәтижесі. Аянбай тер төгіп баланың жүрегіне жол тауып , өмірімді бала өміріне арнағанымның еңбегі деп ойлаймын. Қуаныштымын, әлі де шаршамаймын, зейнеткерлікке шыққанша өмірімді балаларға арнаймын.
Мерекелік шара аудан өнерпаздары, жас ұстаздар мен оқушылардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасты. Ән мен жырдан шашу шашқан өнерпаздар ұстаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.