Ұстазға құрмет - ұрпаққа өнеге
Ұстаз – ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастырып, жас ұрпақтың бойына сапалы білім мен саналы тәрбие сіңіретін ұлағатты мамандық иесі. Іле ауданында кәсіби мерекеге орай мәтребелі мамандық иелері төрге озды. Олар Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің жоғары марапаттарына ие болды. Сондай ақ үздік ұстаздарға облыс әкімінің және білім басқармасы мен аудан әкімінің алғыс хаттары да табыс етілді. Айте кетсек өңірде мемлекттік және жеке меншік білім беретін жалпы 58 білім ошағы бар. Мұнда 6 мыңға жуық мұғалім еңбек етіп, 62 мыңнан аса шәкірт тәрбиелейді. Ал ауданда 2025-2026 оқу жылының жылдық білім сапасы 70,7 пайызды құрап, облыс аумағында көш бастап тұр.
ҚАЛАМҚАС СӘРСЕМБАЕВА - ІЛЕ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНҢ БАСШЫСЫ
- Облыстық деңгейде 700-ден аса бала әр түрлі жетістіктерге жетті. Аудандық деңгейде жақсы нәтиже көрсеткен балалар 2000-нан асады. Биыл да осы үдерісті жалғастырамыз. Ауыл олимпиадасы бойынша облыс деңгейінде Абсолюттік чемпионбыз. Үшінші жыл қатарынан бірінші орында келе жатырмыз.
АЯУЛЫМ КЕРІМҚҰЛОВА - М.МАҚАТАЕВ АТЫНДАҒЫ №13 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
- Осы біліммен тәрбие саласында жүргеніме 10 жылдан асты. Басшылық қызметте жүргеніме. Енді міне сол еңбегіміздің нәтижесі. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі медалімен марапатталып жатырмын. Бұл ұстаз үшін биік құрметтердің бірі деп санаймын.