Жол қауіпсіздігі назарда

Абай ауылында екі баланы көлік қақты. Қарасай ауданында жол көлік оқиғасы жиіледі. Оған қоса кешкі уақытта камелет жасына толмаған жасөспірімдердің сауық-сайран құру фактілері көбейген. 

АҚЖАН АНАПИЯ 
ТІЛШІ 
«Бұл Абай ауылының кіреберісінде орналасқан Тәуелсіздік көшесі. Оқиға дәл осы жерде орын алған. Ал балаларды көліктің қаққаны мына дүкеннің бейнебақылауына түсіп қалған.»

Абай ауылында Рысқұлов пен Әзірбаев және Төле би көшелері қиылысында жол көлік оқиғасы жиі болады дейді ауыл тұрғындары. Себебі - тар көшеде қиылыс көп әрі көлік қарқыны қатты. Оған қоса қай жүргізушінің негізгі жолда екенін айыру қиын. 

ГАЛИНА БОЙКОВА 
АБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 
«Ол жерде жол  апаты жиі орнайды. Мәселен жақын арада ер адамды мопед жүргізушісі қағып, жаяу жүргінші көз жұмды. Қиылыстарға артқы жолды көретін айна орнатып қою қажет секілді. Сондай-ақ ол жерде трансформатор бар. Көліктердің трансформаторға соғылған кездері де болды. Ал басқа көшелерге адам жүретін жолдар керек. Мәселен мына Тәуелсіздік көшесімен көлік көп жүйіткиді ғой. Жаяу жүргіншілерге ыңғайсыз.»

Тәуелсіздік көшесі көлік ағыны толастамайтын көшелердің бірі. Дегенмен мұнда жаяу жүргіншілер жолын салудың қажет жоқ. Себебі бұл көшеде әлеуметтік нысандар орналаспаған дейді мамандар.

ЖАНАТ ШӘКІРОВ 
ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Тәуелсіздік көшесі ол Абай ауылындағы мектепке немесе социальный обьектіге баратын көше болмағандықтан ол жерде тротуар жоқ. Жалпы біз келесі жылға сол Абай ауылы бойынша Әзірбаев мектебіне баратын Алтынсарин көшесіне және де Алатау көшесіне тротуар салуды жоспарлап отырмыз келесі жылы.»

Ауданнан қалаға жұмысқа қатынайтын халық көп. Ал бейнебақылау камерасы республикалық маңызы бар жолдар мен қауіпті деп танылған көшелерге ғана орнатылады. Мәселен күніне мыңдаған көлік жүйіткейтін Райымбек даңғылы бойындағы көлік кептелісін айтпау мүмкін емес. Себебі,  жол көлік оқиғасының көбі осында орнайды. Қазір жолды кеңейту жұмысы жүріп жатыр.

ОРАЗАЛЫ НАРЖІГІТҰЛЫ 
ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 
«Алдындағы көлік қатты жүріп бара жатады. Алды кептеліс болып қалады. Сонымен көрмей қалады да тормоз басады. Дистанция сақтамайды көбісі негізінде. Сонымен ДТП болады. Негізінде жолдың жанында тротуар жоқ. Адамдар жүре алмайды көбінесе. Содан да кептеліс болады.»

БИНҰР ЕСЕНБЕК 
ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 
«Қашан қарасаң кептеліс. Тегі осындай өткіншек жолдар көбірек болса. И мына жолдың жағасында пешеход жоқ.»

5 Қазан жаңбырлы күні кеш мезгілінде кептеліс салдарынан жүк көлігі жеңіл автокөлікті іліп әкетіп, жол жиегінен бірақ шығарған. Сол кезде тәртіп бұзған жүргізуші оқиға орнынан ізін суытыпты. Ал зардап шеккен Әлішер Әкішев биыл бір емес екі мәрте жол көлік оқиғасына түскенін алға тартты. Әрі полиция қызметкерлерінің мұндай жағдайға тым құлықсыз екенін айтады.   

ӘЛІШЕР ӘКІШЕВ 
ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 
«Табылмайды дегендей болды. Машина Қытайға шығып кетуі мүмкін. Шекара асып кетуі мүмкін бакатпенн шығып кетіп дегендей болды. Оған қоса көшеде камералар өшік деп, машинаны тау қиын болады деді. Жеті ай бұрын аварияға түскенмін. Осы Алмалыбақ ауылының ішінде маған қарсы бағытта машина кірген болатын. Мен екі ай больницадан шығып жатып, жүре алмай жүрген кезде одан кейін Қарасай ауданының Ровдсына келіп, делоны бастайтын кезде менің делом уже амнистияға түсіп кетті дейді.»

Ауылдық елді мекендерде көліктің қозғалыс жылдамдығы сағатына 40–60 шақырымнан аспауы қажет. Себебі шағын ауыл-аймақтың бәрінде жаяу жүргіншілер жолы жоқ. Сол себепті адам көп жерде 20 шақырым жылдамдықты сақтау қажет.


ЖАНАТ ШӘКІРОВ
ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ 
«Жыл басынан бастап бізге 90-ға жуық ұйғарым түсті. Оның алпысын орындадық. Қалғандары қазір орындалу барысында. Атап айтқанда 120 жол белгісін орнаттық. Барлық мектептердің алдарында жаяу жүргіншілер жолақтарын жаңарттық. Сонымен қатар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасанды жол кедергілері дейді. Соны орнаттық. 25 данасын орнаттық. Алайда жүргіншілер тарапынан белгіленген жылдамдықты асыру фактілері бізде орын алып жатыр.»

Кейбір ауылдарда жол белгісінің жоқтығы, жаяу жүргінші жолағының өшіп кетуі сынды жол қауіпсіздігіне қатысты кемшіліктер орын алып жатады. Жауаптылар тарпынан орындалып жатқан нұсқамадан бөлек, әр көлік жүргізуші алдымен өз қауіпсіздігіне, сондай-ақ басқа адамдардың өміріне жауапты екенін ұмытпау қажет. Аудан бойынша жыл басынан бері 681 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 976 адам дене жарақатын алған. 

Сондай-ақ оқыңыз: