Комплаенс қызметі

Қонаевта сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерінің жұмысына арналған дөңгелек үстел өтті. Жиында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, мүдделер қақтығысының алдын алу және комплаенс қызметтерінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Басқосуда заңнамадағы жаңа өзгерістер де таныстырылды. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау міндеті күшейтіліп, заңсыз сыйақы үшін жауапкершілік артады. Мамандардың айтуынша, комплаенс қызметінің басты міндеті – заң бұзушылықты анықтау ғана емес, оның алдын алып, мекемелерде адал әрі ашық жұмыс ортасын қалыптастыру.

ҚУАНЫШ МҰРАТ 
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС-ОФИЦЕРІ
- Қазіргі таңда бізде мысалы жаңағы жұмысымыздағы белгілі бір кадр қызметкерлері бар мысалға тиісті мемлекеттік сатып алу қызметкерлері дейміз, әділ кадр бөлімдері дейміз және ұжымдағы дейміз, әртістеріміздің, мысалы, склад басшылары дейміз, олардың өздерінің жұмыстары, жаңағы белгіленген талаптарға сәйкес, нормаларға сәйкес жұмыс атқарылып жатыр ма, осыларды қадағалаймыз. 

Сондай-ақ оқыңыз: