Жалпақсай жолдары

Қарасай ауданындағы Жалпақсай ауылының жолдары шұрық-тесік. Жылдар бойы жөнделмеген жолмен жүру тіпті азап. Жаңбыр жауса жер езіліп, жүріп тұру оңайға соқпайды дейді ауыл тұрғындары. Бұл аздай жаңа құбыр тартылғалы жол қазылып, жаяу адам тұрмақ көліктің қатынауы да қиындаған. Ұмтыл ауылдық аймағының тұрғындары жылдар бойғы мәселенің қашан шешілетінінен мүлдем хабарсыз. Жұрт жауаптылардың сөзіне сене-сене әбден шаршаған. "Жаз болса шаң басып, жаңбыр жауса сазға айналатын Бекдайыр көшесіндегі қараша қара жолдың әлегімен тағы бір жылды артқа тастадық деп базнасын айтып бізге қоңырау шалды. Асвалттен күдер үзген тұрғындар "Ең болмаса жолға қиыршық тас төсеп берсе" дейді.  

НАРГИЗ АЛИЕВА
ЖАЛПАҚСАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Мына батпақты қараңыздаршы. Мына жолмен жүретін мектеп оқушылары мен студенттер көп. Олардың аяқ киімдері не болды? Мұнда адамды қойып автобус кіргісі келмейді. Балаларды алыстағы бұрылыстан түсіріп кетеді. Содан олар өздері осы жолмен жүріп келуге мәжбүр. Балама аяқ киімінің сыртынан пакет кигізіп жіберем ол тайғанақ болады. Шыны керек уайымдап отырамыз құлап қаламаса екен деп.»  

ШАХСАНЕМ АЗИЗОВА
ЖАЛПАҚСАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Осы жерде тұрып жатқаныма 36 жыл болды. Бұл жерде ешқашан жол болған емес. Асфальт ешқашан төселген емес. Кеңес заманында төселген тастар әлі күнге дейін жатыр.»

Бұл ауылдағы жалғыз мәселе емес. Тартылған коммуналдық желілердің де жайы жұрттың көңілінен шықпай тұр.

ПЕТР КУРИЛОВ
ЖАЛПАҚСАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Су құбырын тартты. Бірақ кранды ашсам — су жоқ. Люкті жауып, кетіп қалған. «Бұл қалай болғаны?» деп сұрасам ешкім жауап бергісі келмейді. Тіпті кімнің жауап беретіні де белгісіз. Бізге ештеңе айтпайды. «Бәрін өздерің жасаңдар» дейді. Ал біз оны қалай жасаймыз?»

Мәселенің мән жайын анықтайық деп жауаптылармен тілдесіп көрдік. Бұған дейін ауыл тұрғындары 1960-сы жылдары салынған су құбырын пайдаланып келген. Жолдың жөнделмей қалуының басты себебі де осы екен. Оған мемлекеттік бюджеттен 16 млн.теңге бөлінген. 

КӘМШАТ ҚАСЫМБЕКОВА
ҰМТЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Ағымдағы жылдың шілде айында су құбырлары ауысты. Көшенің басынан аяғына дейін 800 метр. Ескіріп кеткен су құбырларын ауыстыруға байланысты жол жөндеу жұмыстары тоқтатылды. Асфальт төсеу келесі жылға қалдырылды.»

Жаңа асфальт салу жұмыстары тағы бір жылға шегерілді. Әйтседе мәселенің шешімі жоқ емес. Әкімдік өкілдері  қараша айына  дейін көшеге  құм-қиыршық тас төсеп беруге сөз беріп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: