Экономикалық даму кеңесі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркменстанда өткен Орталық Азия және Әзірбайжан мемлекеттері басшыларының VIII Консультативтік кездесуіне қатысты. Жиында сауда-экономикалық, көлік, су ресурстары, қауіпсіздік және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты күшейту мәселелері талқыланды. Президенттің айтуынша, былтыр өңір елдері арасындағы өзара сауда көлемі 13 миллиард долларға жуықтаған. Тоқаев бұл көрсеткішті кемінде 20 миллиард долларға жеткізуді ұсынды. Сондай ақ ол көлік инфрақұрылымын дамыту, Транскаспий дәлізін кеңейту және су ресурстарын тиімді басқарудың маңызын атап өтті. Кездесу қорытындысында мемлекет басшыларының Бірлескен мәлімдемесі қабылданды.