Qonaev Media телеарнасы телевизиялық бағдарламалар өндірісіне өтінім қабылдауды бастады
Qonaev Media телеарнасы эфир желісіне арналған бірегей телевизиялық контент өндіру мақсатында продакшн-компаниялармен, тәуелсіз авторлармен және шығармашылық топтармен серіктестік орнатуға шақырады.
Бағдарламалар тақырыптары: білім және мәдениет, әлеуметтік және деректі жобалар, ойын-сауық және жастарға арналған форматтар, өңірлік ерекшелік, дәстүр мен заманауи даму, қоғамға пайдалы контент, экономика, өндіріс және өңірдің өркендеуі.
Өтінімге қойылатын талаптар:
- Бағдарлама концепциясының қысқаша сипаттамасы
- Құрылым үлгісі немесе пилоттық сценарий
- Бюджеттік ұсыныс
- Команда тәжірибесі (портфолио, сілтемелер)
Өтінімдерді қабылдау 10 маусымға дейін жалғасады
📩 Электронды пошта: info@qonaevtv.kz
📝 Хат тақырыбы: Бағдарлама өндірісі — (жоба атауы)
📞 Қосымша сұрақтар бойынша: +7 777 813 6624