Qonaev Media кастингінің екінші кезеңі басталды

Qonaev Media кастингінің екінші кезеңі басталды

Бүгін Qonaev Media ұйымдастырған кастингтің екінші кезеңі ресми түрде бастау алды. Екінші кезең барысында үміткерлер камера алдында сөйлеу шеберліктерін көрсетіп, арнайы тапсырмаларды орындады. Қатысушылардың дикциясы, дауыс ырғағы, экран алдындағы өзін-өзі ұстауы мен харизмасы сарапқа салынды.

Ұйымдастырушылар қатысушылардың белсенділігіне ризашылықтарын білдіріп, олардың шығармашылық ізденісін жоғары бағалады.

– Сіздердің талпыныстарыңыз бен еңбектеріңіз біз үшін аса маңызды. Әрқайсыңыз экран алдындағы табиғилық пен кәсібилікке ұмтылып жатырсыздар – бұл үлкен қуаныш, – деп атап өтті Qonaev Media командасы.

Қазіргі таңда телеарна камерамен еркін жұмыс істей алатын, тартымды келбетке ие, қоңыр дауысты, болашағынан үміт күттіретін жас таланттарды іздеуді жалғастыруда. Кастинг әлі де жалғасуда. Алда қызықты кездесулер мен тың есімдер бар.

Qonaev Media барлық қатысушыларға сәттілік тілейді. Мүмкін, дәл сіз – арнаның жаңа келбеті боларсыз!