Ервандтың ерлігі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын табыстады.
Ақордада өткен рәсімде Мемлекет басшысы Ерванд Ильинскийдің отандық альпинизмді дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Сондай-ақ оның халықаралық жарыстар мен экспедициялардағы жетістіктері ел абыройын асқақтатып, жастарға үлгі болатынын жеткізді. Марапат иесі көрсетілген құрмет үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта да Қазақстан спортын дамытуға үлес қоса беретінін айтты.
ЕРВАНД ИЛЬИНСКИЙ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ
Аударма «Мен өмір бойы жұмыс істеп, еңбек еттім. Міне, сол еңбек бағаланып жатқанына қуынштымын. Күнде осындай мәртебе бола бермейді ғой. Кездесуден көп әсер алдық. Президент тау табиғатын, альпинизмнің ерекшелігін жақсы білетінін көрсетті. Алғысым шексіз»