Qonaev Media мен Қытайдың ірі телекомпаниясы ынтымақтастықты кеңейтуде

Qonaev Media мен Қытайдың ірі телекомпаниясы ынтымақтастықты кеңейтуде

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің II Телевизиялық фестивалі аясында Qonaev Media арнасы халықаралық байланыстарын нығайта түсті. Іс-шара барысында арнаның бас продюсері Қымбат Досжан мен қытайлық әріптестер арасында екіжақты ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды.

Фестиваль аясында Qonaev Media мен Қытайдың Шанси радиохабар тарату компаниясы бірлесіп дайындаған «Алтын адамның ордасын іздеу» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Қазақ тілінде түсірілген бұл фильм тарихи-мәдени мұраны насихаттауға бағытталған және қазақстандық аудитория үшін ерекше қызығушылық тудырады.

Аталған фильмнің арнайы нұсқасы биылғы күзде Qonaev Media арнасының эфирінен көрсетілмек.

Qonaev Media ұжымы алдағы уақытта да халықаралық жобалар арқылы көрерменге сапалы әрі мазмұнды өнім ұсынуды жалғастырмақ.