Астаналықтар өнер жәрмеңкесінде Алматы облысының көрмесін жоғары бағалады

Астанада өткен «Дәстүр мен креатив» өнер жәрмеңкесінде Алматы облысының көрмесін халық жоғары бағалады. Ұлттық мұраны жаңғыртып жүрген қолөнер шеберлері мен суретшілер марапатталды. Шығармашылық алаңда жыр алыбы Жамбыл Жабаев пен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың рухани мұрасы дәріптелді.

Өнерді өмірінің өрнегі еткен 36 қолөнерші Астана жұртын туындыларымен таңдай қақтырды. Бірі жіп иіріп, бірі киіз басса, енді бірі қолына құт қонған шеберлігімен кесте тігеді.. Ал кейбірі ұмыт бола бастаған қазақ тұрмысындағы бұйымдарды теріге түсіріп, ұлттық мұраны қайта жаңғыртып отыр. 


Қарасай ауданынан келген Анаргүл апайымыз ұлттық өнерді дәріптеп Астананың төріне келді. Қазір ол кішкентай текеметтің жасалу жолын көрсетеді.

Белгілі этнодизайнер Анаргүл Нарботанованың қолөнермен айналысқанына 45 жылдан асты. Анасынан тәлім алған  шебердің ісін  балалары да жалғап келеді. Ұлы мүсінші болса, қызы - дизайнер. Ұлттық мұраны жаңғыртып қана қоймай, кейінгі буынға бағыт-бағдар беріп жүрген Анаргүл апай бар білгені жастарға үйретуге тырысады.  


АНАРГҮЛ НАРБОТАНОВА  
ҚАЗАҚСТАН ЭТНОДИЗАЙНЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
«2019 жылдан бері қазір екінің бірі кимешек киеді. Қазір енді қолдап жатыр ғой осы өнерді. Мен мысалы жастайымнан қолдаған жоқ. Біз көбіне көрмеге шыққан кезде, шынын айтайын, біздің қазақтың ұлттық қолөнерін таныстыру қиын болатын. Бұл бір жағынан жастарды қолға алады. Өзіміздің ата бабамыздан қалған дәстүрлі қолөнерді жастарға үйретіп кету мағынасы. Бірақ әр уақытта есігім ашық. Үйренем деген адамдарға үйретіп жүрмін.»

Шығармашылық алаңда қолөнершілермен бірге суретшілер де болды. Олар Шарын шатқалын, Көлсай көлі, Нарынқол сынды Алматы облысының туристік нысандары мен әсем табиғаты бейнеленген пейзаждарын ала келген. Сондай-ақ жәрмеңкеде белгілі қазақ қолөнершісі Дәулет Дәркембайұлы әкесі Дәркембай Шоқпарұлының жасаған жұмысын көпшілік назарына ұсынды. 


ДӘУЛЕТ ДӘРКЕМБАЙҰЛЫ 
ҚАЗАҚСТАН СУРЕТШЛЕР ЖӘНЕ ДИЗАЙНЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ 
«Бұрын біз осындай көрмелерге қолөнершілерді іздегенде таппайтынбыз. Мұнда талас тартывспен келдік. СКЛ. Мына қолөнердің бір қасиет жаңағы кейде адамдар тәртіпсіщздкке бой ұрады. Бәрі адамның бос уақыты көп болғанынан пайда болады. Ал енді қолөнерде жүрген адам үнеміадамдармен араласып, тапсырыс алады. Ол үнемі шығармашылық ойда жүреді.» 


Көрмеде Мұқағали Мақатаевтың костюмы, өлеңдері мен қолына таққан сағаты, одан бөлек жеке заттары қойылды. Сондай -ақ  Астана жұрты Жамбыл Жабаевтың атындағы мұражайдың көшпелі көрмесімен танысты. 

САЛТАНАТ ЖАМБЫЛОВА 
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫ МУЗЕЙДІҢ ДИРЕКТОРЫ 
«Жоспар бойынша көп дүниелерді атап өттік. Жаңағы республика бойына, халықаралық деңгейде болсын. Енд мінекей сәті келіп осындай шақырту алп отырмыз. Енді айтылып жатыр. Қыркүйек айында Қытай Халық Республикасы, Бейжің қаласына осы 180 жылдыққа байланысты көрме алып бару жоспарларынп отыр.»

Шара көркін Алматы облысының«Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің өнерпаздары аша түсті. 

АЛМАС САҒЫНҰЛЫ 
КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ ҚОРЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«Аймақты креаторларымен танысу үшін осындай креатив аймақ аты републикалық жәрмеңкесін ұйымдастырдық. Бүгін Алматы облысы қателеспесем онынышы аймақ. Өте күшті. Бір қате түсінік бар. Алматы мен Астана қаласында ғана креативті индустрия дамыған деген қате түсінік бар. Әр аймақтың күшті креаторлары бар.»

Креативті индустриияны дамыту - мемлекет саясатының басым бағытының бірі. Бұл сала Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. Ал Алматы облысының креаторларының ерекшелігі – Алатау етегінде өмір сүріп жатқан адам болмысы. Оны байқамау мүмкін емес.Енді өнер иелері Өзбекстан өтетін халықаралық шараға барады.   

Сондай-ақ оқыңыз: