Жаңа емхана ашылды

Қарадала аймағында “Ауылдық жердегі денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы байыпты іске асып келеді. Бүгін Дардамты ауылдық округінде жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылып, тұрғындар игілігіне берілді.

Дардамтыдағы бұл медициналық нысанның құрлылысына бюджеттен 20 млн,теңгеге жуық қаржы бөлінді.  Жалпы аумағы 261 шаршы метр. Мекемеде  үш медицина қызметкері еңбек етеді.

ЕРЖАН СҮЛЕЙМЕНОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ  
«Бұл нысан облыстық бюджет есебінен салынды. Құрылыс барысында барлық заманауи талаптар ескерілді. Медициналық пункт қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылып, цифрлық шешімдер енгізілді. Жалпы, өңірде халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету үшін жүйелі жұмыстар жалғасуда»

Жаңа медициналық пункт барлық санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай салынған. Мұнда заманауи медициналық құрал-жабдықтар орнатылып, электронды тіркеу жүйесі іске қосылған.

ДӘУЛЕТ ТОҚСАНБАЕВ 
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ 
«Бұрын ауыл тұрғындары қарапайым медициналық қызметтің өзін алу үшін алысқа баратын. Енді міне, өз ауылымызда жаңа емдеу орны ашылып отыр. Бұл – халық үшін үлкен қолдау, әсіресе үлкендер мен жас аналарға өте қолайлы болды»

Енді жергілікті тұрғындар қажетті медициналық көмекті кез-келген уақытта өз ауылдарынан алады. Жалпы соңғы екі жылда ауданда 6 медициналық мекеме ашылды. 

Сондай-ақ оқыңыз: